KZ
Өскемен
+10°
небольшой проливной дождь жел 3 м/с, ОШ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Салық бойынша 1 теңге қарыз болса, есепшот бұғатталмайды

Фото: egemen.kz

26.10.2023, 15:51 157

Қазіргі таңда кәсіпкерлер әлеуметтік төлем бойынша 1 теңгеден астам қарыз болған жағдайда есепшоты бұғатталады. Осы мәселені шешу үшін Мемлекеттік кірістер комитеті түзету енгізу жоспарланып жатқанын хабарлады.

Енді қарызы аз кәсіпкерлердің банк шоты бұғатталмайды, деп хабарлайды Altaynews Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Айта кетсек, салық органдары салық берешегі 6 АЕК-тен асатын (2023 жылы 20 700 теңге) банктік шотқа тыйым сала алады. Алайда әлеуметтік төлемдер бойынша банктік шоттарға тыйым салу 1 теңгеден астам берешек бойынша жүргізіледі. Себебі бұл ұйым қызметкерлері бойынша берешек (олардың зейнетақы қорларына, МӘМС қорына түсетін түсімдер) болып есептеледі.

Мемлекеттік кірістер комитеті елде кәсіпкерлікті қолдау мақсатында салық берешегі мен әлеуметтік төлемдер бойынша мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдау үшін шекті соманы ұлғайту мәселесі пысықталып жатқанын мәлімдеді.

— Кішігірім қарыздар үшін банктік шоттарға тыйым салуға жол бермеу үшін шоттар бойынша берешек сомалары шегінде шектеулер жүргізу  ұсынылады. Яғни берешек 100 теңге болғанда – тек 100 теңге бұғатталады. Бұл түзетулер банктік шоттардағы барлық ақшаны бұғаттау мәселесін шешеді, - деп жазылған ресми хабарламада.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив