KZ
Өскемен
+27°
ясно жел 2 м/с, СШ
467.29 501.03 5.35

Әлеуметтік төлем берешегі: шотты бұғаттау тәсілін жеңілдетпек

Фото: egemen.kz

12.06.2023, 18:02 342

Сенатта өткен дөңгелек үстелде қаржы вице-министрі Ержан Біржанов салық төлеушіден әлеуметтік төлемді өндіріп алу тәсілін салық берешегін өндіру тәсілімен біріздендіруді ұсынған.

Вице-министр қазіргі жүйе азаматтардың уақыты мен жүйкесін шығындайтынын жеткізген, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Салықты мәжбүрлеп өндіру туралы айтсақ, бізде 100 мыңға жуық борышкер бар. Біз олардың банк шоттарын да жауып тастап жатамыз. Өңірлерге жиі шығамыз, сонда қандай бастапқы мәселе көтеріледі? Әлеуметтік төлем аясында кешіктірілген 100 теңге үшін немесе 1 теңге үшін салық төлеушінің шотын жауып тастаймыз. Себебі заңнамада солай көзделген. Мысалы, салық берешегі 6 АЕК немесе 20 мың теңгеден асса ғана, біз оның шотын жаба аламыз. Ал әлеуметтік төлемдер бойынша 1 теңге кешіксе де, шотын жауып тастаймыз. Қазіргі таңда 300 мың сұрақ осы мәселе бойынша түсті. Соның 262 мыңы - әлеуметтік төлемдер бойынша шоты жабылған салық төлеушілер, - деді вице-министр.

Сонымен қатар ол қазіргі уақытта салық мекемелері әлеуметтік төлемдерді мәжбүрлеп өндіру органына айналғанын айтқан.

– Салық өндірудің тәсілі бір бөлек, әлеуметтік төлем өндіріп алудың тәсілі бір бөлек. Бұл мәселе бойынша ел ішінде жағымсыз көңіл-күй басым. Көбі оны қасақана төлемей отырған жоқ. 1 теңгесі қалып қоюы мүмкін, басқа да мәселелері бар. Сол үшін шотты жауып тастап, ол адамдар бізге келеді. Сол бір теңге үшін 100 теңге комиссиясын төлейді. Одан кейін банкке жіберіп, шотын ашқызамыз. Оның бәрі көп уақыт алады, қаражат алады. Сондықтан біз бұл мәселеде унификация керек деп есептейміз. Салық берешегі үшін шотты бұғаттауда қандай тәсіл қолданылса, әлеуметтік төлемдерге де сондай тәсіл қолдану керек. Ол тура 6 АЕК мөлшерінде бола ма, 3 АЕК бола ма, соны қайта қарау керек. Бір теңге үшін шотын жауып тастау деген енді бұл тым артық. Қаншама уақыт кетеді?! - дейді Ержан Біржанов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив