KZ
Өскемен
-16°
туман Штиль
505.53 593.44 6.34

ШҚО-да 41 бала қызылша дертін жұқтырған

Фото: elitar.kz

30.10.2023, 17:01 462 Ләззат Қанатқызы

Денсаулық сақтау саласы өкілдерінің айтуынша, елімізде  қызылша дертін жұқтырғандар саны күрт өскен.

Жыл басынанбері Қазақстанда 10 мыңнан астам адам қызылша жұқтырған. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 9007 жағдай, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде ШҚО денсаулық сақтау басқармасының Ана мен бала орталығының эпидемиологы Айдын Жұмай айтты.

Қызылша вирусы ауа тамшылары арқылы беріледі. Науқаспен байланыста болған кезде (сөйлесу, түшкіру, жөтелу кезінде) бұрын қызылшамен егілмеген және ауырмаған адам 100% дерлік жұқтыруы мүмкін. Қызылша вирусы өте құбылмалы: қызылшаны науқаспен тікелей байланыста болмай, онымен бір үйде болу арқылы жұқтыруға болады. 

- ШҚО-да Ана мен бала орталығының инфекциялық бөлімшесінде 41 науқас қызылша диагнозымен ем қабылдады. Оның ішінде 39 науқас екпе алмаған. Бүгінде барлық алғашқы көмек көрсету мемекелерінде дене қызуы 38 градустан жоғары, бас ауруы, бөрпесі бар пациенттерді қабылдайтын сүзгі кабинеттері қарастырылған. Онда орта буынды медицина қызметкері, педиатр дәрігерлер алғашқы көмек көрсетеді, - дейді Айдын Жұмай.

Қызылша дертінің алдын алу - балалардың денсаулығы мен толыққанды дамуының маңызды компоненттерінің бірі болып табылады. Сондықтан қызылшаға қарсы егу профилактикалық егу күнтізбесіне кіріп отыр.

- Ата-аналар, облыс тұрғындары, егер сіздердің жақындарыңыз бен балаларыңыз қызылша індетіне қарсы екпе алмаған болмаса, оларға дереу түрде тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымдарға барып індетке қарсы екпе алу қажет. Аталған індеттің алдын алу ең тиімді жолы - қызылшаға қарсы екпе алу. Қызылшаға қарсы нақты ем жоқ екені  бәріне белгілі, - деп атап өтті ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу