KZ
Өскемен
-21°
плотный туман жел 1 м/с, С
504.6 594.27 6.48

ШҚО-да он шақты адам қызылша жұқтырды

Фото: work.vk.com

25.07.2023, 09:54 352 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында қызылша ауруын жұқтырып жатқандар бар.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары жыл басынан бері ауруханаға 14 адам жүгінгенін айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Соның ішінде 8 пациенттің ауру жұқтырғаны расталды. Қалғандарынан қызылша анықталмады.

«Қызылша әуелі Түркиядан келген тұрғыннан анықталды. 7 адам ауруды осы жерде жұқтырған. Қызылша диагнозы қойылған науқастардың 88%-ы вакцина алмаған. 8 науқастың екеуі - ересек адам, қалған 6-ы - 14 жасқа толмаған балалар», - деп мәлімдеді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Сләмғазина.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу