KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
494.87 520.65 4.91

Қазақстанда қызылша ауруына бес мыңнан астам адам шалдықты

29.03.2019, 10:32 199

Елімізде өткен жылдың қараша айынан бастап 5347 жағдай тіркелген. Бұл туралы республиканың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

5347 жағдайдың ішінде 3899 жағдайы – 14 жасқа дейінгі балаларда тіркелген екен.

 

Естеріңізге сала кетсек, 1 сәуірден бастап Қазақстанда жоспардан тыс қызылшаға қарсы қосымша екпе салу басталады.  Тоғыз айға толған балалар, екпе салу дәрежесі белгісіз 30 жасқа дейінгі ересектер, бұрын екпе салдырмаған және қызылша ауруына шалдықпағандар, жұқпа таралған ортада бес жылдан көп уақыт бұрын қызылшаға қарсы екпе алғандар, сондай-ақ, медициналық қызметкерлер вакцинациядан өтетін болады.

 

Екпе салдыру халық үшін тегін. Вакцина алу үшін тіркелген аумақтық емханаға бару қажет. Қызылша, қызамық (краснуха) және паротитке қарсы құрамдастырылған вакцина пайдаланылады. Өндіруші компания - "Серум институт оф Индия" (Үндістан). Сапасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен кепілдендірілген.

 

Қазіргі уақытта вакциналар барлық аймақтарда жеткізіліп қойды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу