ШҚО-да жеті жастағы бала қызылша жұқтырды
Фото: womond.com
Шығыс Қазақстан облысында жеті жастағы бала қызылша жұқтырды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша облыс аумағында бір баланың қызылша жұқтырғаны зертханалық тұрғыда расталды. Өткен жылы осы кезеңде бірде-бір адам қызылша жұқтырмаған», - деп мәлімдеді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.
Мамандардың айтуынша, бұған дейін баланың ата-анасы профилактикалық екпеден бас тартқан. Екпе алмаған балақай Түркияда инфекция жұқтырған.