KZ
Өскемен
-15°
пасмурно жел 1 м/с, З
503.35 590.63 6.62

Самар ауданында дәрігер тапшы

Фото: egemen.kz

2.11.2023, 10:20 303

Самар ауданының ауруханасында дәрігер жетіспейді. Бүгінгі таңда 6 маманның орны бос тұрған көрінеді.

Аудан әкімдігі ұсынған дерекке сүйенсек, кадр тапшылығын азайтуға бағытталған жұмыс жүріп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

— Самар ауданының аудандық ауруханасында жалпы 6 бос орын бар. Оның ішінде 1 дәрігер онколог, 1 офтальмолог дәрігер, дерматолог, педиатр, анестезиолог дәрігер, хирургтың орындары бар. Бүгінгі таңда медициналық жоғары оқу орындарының түлектерімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Біздің ауданның тумаларына баса назар аударамыз, — деп жазды аудан әкімдігі.

Аудан әкімдігі осы мақсатта жұмыс іздеуге арналған сайттарда дәрігерлерге қойылатын талап пен міндеті туралы хабарлама орналастырған. Әкімдік өзге өңірлерден келетін мамандарға үй жағынан көмектесетінін жеткізді.

— Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешені саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау ұсыну қағидаларына сәйкес көмек көрсетіледі. Жергілікті атқарушы орган елді мекендерге жұмыс істеуге, тұруға келген, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аппаратында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілерге тұрғын үй сатып алуға немесе салуға көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдау көрсетеді. 2023 жылға дейін бұл бағдарлама сенім білдірілген агент — Агрокредиттік ұйым арқылы іске асырылды. Биылдан бастап сенім білдірілген агенттің өкілеттігі «Отбасы Банкке» берілді. Бүгінгі таңда «Отбасы банк» «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жұмысты жүзеге асырады,  — деп жазды аудан әкімдігі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу