KZ
Өскемен
-14°
плотный туман жел 1 м/с, Ю
498.55 524.28 4.75

Риддер қаласына дәрігерлер қажет

27.11.2019, 05:57 189

Медициналық кадрлардың тапшылығы Риддердегі негізгі проблемалардың бірі. Қазіргі таңда қалаға 9 дәрігер маман қажет екен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы қала әкімі Жомарт Мұратов Өскеменде өткен брифинг барысында айтты.

Жалпы қаладығ денсаулық сақтау жүйесінде 141 дәрігер мен 471 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді екен. Қазіргі уақытта мұнда 9 дәрігер аса қажет: 1 сәулелік терапия дәрігері, 1 акушер-гинеколог, 2 жалпы тәжірибелік дәрігер, 1 педиатр, 2 клиникалық зертхана дәрігері.

Қалаға жұмысқа келген медициналық қызметкерлерге баспана берілетінін айта кеткен жөн. Сондай-ақ, оларға 1 миллион теңге мөлшерінде көтерме ақы төленеді.

Мәселені шешу мақсатында кәсіби бағдарлау жұмыстары мен бос орын жәрмеңкелері өткізілуде.

Осы жылдың 10 айында қалаға жаңадан 10 дәрігер маман жұмысқа келген екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу