KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
444.14 477.05 4.85

"Дәрігер жетіспейді". Үржарда туберкулезбен ауырғандар саны 25 пайызға өсіп кеткен

31.01.2020, 04:25 193

Үржар ауданының басшысы Серік Зайнулдиннің айтуынша, ауданда дәрігерлер жетіспейді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Былтыр жергілікті медицина мекемелерінде жұмыс істеуге 17 жас маман келген. Соның өзінде бұл өңірде дәрігерлерге сұраныс азаймай отыр.

- Емханаларда дәрігер-неонатолог, дәрігер эндокринолог, трансфузиолог, акушер-гинеколог, дерматолог мамандар жетіспей жатыр, - дейді әкім.

Осы орайда айта кетуіміз керек, былтыр аудан бойынша туберкулезбен ауырғандар 2018 жылмен салыстырғанда 25,7%-ға көбейген.

Есеп кезінде әкім бұл мәселе жуық арада шешімін табады деп, халыққа уәде берді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Үржар ауданының әкімі тұрғындар алдында есеп беруде. Жиын облыс әкімі Даниал Ахметовтың қатысуымен өтіп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив