KZ
Өскемен
ясно жел 1,4 м/с, В
479.23 534.96 5.16

ШҚО-да «Зымыран-2023» оқу-жаттығуы басталды

2.11.2023, 11:06 213

2-3 қарашада Шығыс Қазақстанда «Зымыран-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтеді.

Жаттығу барысында «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымыран тасығышты ұшыру кезіндегі авариялармен байланысты ТЖ жоюға дайындық деңгейі анықталады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Зымыран-2023» оқу-жаттығуы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде кіріспе пысықталады. Шығыс Қазақстанның барлық қалалары мен аудандарында азаматтық қорғаудың 15 қызметі  жоғары дайындыққа келтірілді.

Құтқарушылар екі күн қатарынан шынайы уақыт режимінде төтенше оқиға кезіндегі іс-қимыл алгоритмін пысықтайды.

Екінші кезеңде оқу жаттығу орындарында авариялық-құтқару оқу-жаттығуларды тәжірибелік пысықтауды ұйымдастырады.

            

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив