KZ
Өскемен
-1°
туман Штиль
494.87 520.65 4.91

ШҚО мәслихатының депутаттары облыстың негізгі қаржылық құжатына өзгерістер енгізді

14.11.2023, 18:00 219

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс VIII сессиясы өтті.

ШҚО мәслихатының депутаттары облыстың негізгі қаржылық құжатына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

– 2023 жылға арналған облыстық бюджетті нақтылауға облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында қаражатты басым бағыттарға қайта бөлу жолымен өңірдің өзекті мәселелерін шешу қажеттілігі негіз болды, - деп түсіндірді ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Фархад Белбеев.

Мәселен, ауыл шаруашылығы саласында жануарларға екпе салу құнының өсуіне байланысты эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге қосымша 63,8 миллион теңге бөлу көзделген. Ал азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын толықтыруға 200 миллион теңге қарастырылған.

Сондай-ақ Өскемендегі әлеуметтік маңызы бар маршруттар және ауданаралық (қалааралық) автобус қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдау қызметінің шығындарын қосымша субсидиялау көзделеді. Басқарма басшысының айтуынша, оған сәйкесінше 250 млн теңге және 217,4 млн теңге қарастырылған. Өзгерістер басқа да маңызды бағыттарға, соның ішінде әлеуметтік сала, білім беру, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мәдениет және спорт салаларына да әсер етті.


Автор: Aйжанат Бақытқызы

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу