Өскеменде Риддер қаласының мәдени күндері өтіп жатыр
Кеше «Туған жер - алтын бесігім» атты облыстық акция аясында көркемөнерпаздар концерті өтті. Қаланың шығармашылық ұжымдары мен мәдениет қайраткерлері өз өнерлерін ортаға салды.
Фольклорлық-хореографиялық бағдарлама, вокалистердің ән шырқауы, түрлі жанрдағы би нөмірлері көрермендердің қошеметіне ие болды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
«Ертіс концерт» холлында Риддер қаласының тарихи-өлкетану мұражайының көрмесі ашылды, онда қаланың кен өндіру өнеркәсібі өндіретін сирек кездесетін металдардың үлгілері және «Казцинк» ЖШС мұражайының экспонаттары ұсынылды.
Юрий Хабаров өмірінің 50 жылын арнаған «Абай және оның замандастары» атты акварельдік портреттерінің циклі келушілердің қызығушылығын тудырды.
Дінмұхамед Қонаевтың өмірі мен қызметіне жеке стенд арналды. Дәл осы Риддерде 34 жастағы инженердің бай еңбек өмірбаяны бастау алып, кейіннен ол ел басшысы болды.
Ірі өнеркәсіп орталығы, металлургтер қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең түрлері де шығарылады.
Риддер қаласының 30 жергілікті өндірушісі «TНП» сауда-логистикалық орталығының аумағында ет және азық-түлік өнімдерін ұсынды. 7 тоннадан астам ет, 2 тонна сүт өнімдері, түрлі бал сұрыптары, жеміс-көкөніс өнімдері – осының барлығын облыс орталығының тұрғындары арнайы ауылшаруашылық жәрмеңкесінде төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік алды.
