KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

ШҚО делегациясы Уфадағы экоаналитика жүйесімен танысты

22.11.2023, 21:16 155

Шығыс Қазақстан үшін экология өзекті тақырып болғандықтан тұрақты бақылауға алынған.

Бүгін Уфада халықаралық бизнес аптасы басталды. Аталмыш шараға ат арытып барған ШҚО делегациясының мүшелері Башқұртстан Республикасының табиғатты пайдалану және экология министрлігі жанындағы Мемлекеттік талдамалық бақылау басқармасының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Бұл басқарма - экоаналитика бойынша мамандандырылған көпфункционалды құрылым. Ұйым ластану көздері мен қоршаған ортаның нақты жағдайы арасындағы байланысты орнатуға мүмкіндік беретін заманауи автоматтандырылған мониторинг жүйесімен жабдықталған. Мамандар атмосфералық ауаны, суды және топырақты зерттеумен айналысады. Мысалы, сынама алу арқылы олар су мен ауадағы бөгде заттың құрамы қандай екенін және қандай кәсіпорын экологияға зиян келтіруі мүмкін екенін бақылай алады.

Жаңа технологиялардың бірі - ластаушы кәсіпорынды анықтауға және оның көздерін бақылауға мүмкіндік беретін ауаның  ластануының шекті рұқсат етілген концентрациясын анықтайтын автоматтандырылған датчиктер.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Елдос Байрахметов атап өткендей, әріптестердің тәжірибесі Шығыс Қазақстан үшін қызықты. Оларды өңірде орнату мүмкіндігі қосымша қарастырылатын болады.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив