Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылығына 2 млрд теңге инвестиция тартылды
Катонқарағай ауданында «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында 350 миллионнан астам қаражатқа 46 жоба қаржыландырылды.
Жобалардың 90%-ы ауылшаруашылық саласына, оның ішінде мал басын арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Аудан басшысы ауданға құйылған инвестицияларға да тоқталып өтті. Биыл аудан бойынша 127 ауыл шаруашылығы және аграрлық жоба (жаңа техника мен жабдықтар) іске асырылып, нәтижесінде ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 2 млрд 700 млн теңгенің инвестициясы тартылды.
Мал шаруашылығы саласында қой мен ешкі, жылқы басы артып, құс санының өсуіне қол жеткізілді.
Өсімдік шаруашылығы саласын одан әрі дамыту мақсатында субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық «gosagro» жүйесі арқылы ауданның 160 шаруашылығына 297,5 млн теңге субсидия төленген.