KZ
Өскемен
+25°
ясно жел 2 м/с, СБ
464.72 496.32 5.4

ШҚО: Ауыл шаруашылығы салаcына 750 миллион теңгеден астам несие берілді

Фото: alashainasy.kz

21.09.2023, 15:21 164 ALTAINEWS

Биыл елімізде басталған «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыруға ауыл шаруашылығы басқармасы арқылы 1 535 118 000 теңге несиелік қаражат бөлініп отыр.

12 қыркүйекке дейін осы соманың 50 пайызға жуығы ауыл тұрғындарына үлестірілген.Несие алуға аудандардан 100-ден астам өтінім түскен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Елімізде жергілікті ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын кәсіпке тарту, жеке қосалқы шаруашылықтарын дамыту арқылы кірістерін көбейту мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Өскемендегі «Ертіс» ӘКК» АҚ – аталмыш бағдарлама бойынша бөлінетін несие қаражатын үлестірушінің бірі.

Бүгінге дейін облысқа қарасты аудандардан корпорацияға 100-ден астам өтінім түскен. Оның ішінде, барлығы 94 ауыл шаруашылығы саласы жобасына 759 900 000 теңге көлемінде несие берілді. Жылдық үстеменің 2,5 пайыз ғана болуы үлкен қолдау деп отыр ауыл тұрғындары. Жоба не бары 21 тамызда бастау алғанын және осы бір айға жетпес уақыт аралығында бөлінген қаражаттың жартысына жуығы игерілгенін ескерсек, сұраныстың көптігін аңғаруға болады.

- Несие бөлінген жобалардың ең көбі: ет, сүт өнімдерін алу мақсатында (мал басын көбейтуге – 41 жоба, жылқы өсіру бағытында – 32 жоба) несиелендіруге құжаттары өтіп, қаражат бөлінген жоба[1]лар. Жалпы өтінімдер саны әлдеқайда көп. Қарқынды дамып келе жатқан туризм саласында бес жоба несие алды. Сондай-ақ ұсақ мал басын көбейту, құс өсіру, ара шаруашылығы, ауылшаруашылық техникасын алу сияқты бағыттарда да бірқатар жоба құпталып, несие берілді. Әлі көптеген жоба қарастырылып жатыр. Айта кету керек, қалған жобалардың несиелендіруге өтпей қалуына заңнамалық сәйкессіздіктер, бұрынғы несиелік жолы, жоба тиімсіздігі сияқты себептер әсер еткен, - деп хабарлайды «Ертіс» ӘКК» АҚ баспасөз қызметі.

Жамал Ермен

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив