KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай форум өтті – ШҚО

7.12.2023, 16:30 186

9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні.

 

Осыған орай ШҚО-да арнайы форум өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Денис Шәкеновтің айтуынша, облыста сыбайлас жемқорлық жағдайларын болдырмау және алдын алу жөнінде ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.

 

Еліміз 2008 жылы БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын ратификациялады. Осы жылдар ішінде ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкестендіру жұмыстары атқарылды. Президентке есеп беретін, профилактикалық және құқық қорғау функцияларын біріктіретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі тәуелсіз агенттік жұмыс істейді. Негізгі құрал ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы қолданылады.

 

Еліміздің әр өңірінде әкімшілік кедергілер орын алатын әлеуметтік салалар айқындалған. Мұндай жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіледі. Кедергілерді жою және бизнес пен шетелдік инвесторлар үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасау бағытында жұмыстар жүргізілуде.

 

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу жүйесі де жетілдірілген.

 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтып өткендей, сыбайлас жемқорлықпен күрес - мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі. Өйткені сыбайлас жемқорлық ел экономикасының дамуына, кәсіпкерлік саласына кедергі келтіреді. Бүгінде мемлекеттік органдардың қызметі мен мемлекеттік сатып алулардың ашықтығы, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру сияқты маңызды шаралар қабылданған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа азаматтар да, ұйымдар да, ерікті жастар да тартылған. Сондықтан «Әділетті Қазақстан» қоғамын құруымыз үшін ортақ іске жұмылып, бірлесе жұмыс істеуіміз керек, - деді облыс әкімі Ермек Көшербаев.
 


Форум барысында өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар облыс әкімінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің грамоталарымен марапатталды.

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив