KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

Бұрқасын жел, көктайғақ: ШҚО-да дауылды ескерту жарияланды

Фото: syrboyi.kz

8.01.2024, 16:04 529 Ләззат Қанатқызы

Синоптиктер ШҚО-да ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады.

Ертең облыстың басым бөлігінде бұрқасын жел мен көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады.

ШҚО ТЖД құтқарушылары азаматтардан қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұрайды:

  • Қарлы боран кезінде елді мекендерден тыс жерлерге шықпаған дұрыс;
  • Ауа райы мен жолдардағы жағдайлар туралы ақпаратты "Дармен" мобильді қосымшасында нақтылау керек;
  • Көктайғақ кезінде жаяу жүргіншілер өткелінен өткенде өте мұқият болған жөн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив