Қар көшкіні салдарынан Риддер тұрғындары сусыз қалды
Фото: "Шығыс Ақпарат" ЖШС
Риддер әкімдігінің мәліметінше, Громотуха өзенінің шатқалында қар көшкінінің өздігінен түсуіне байланысты кеше су беру тоқтатылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Төтенше жағдай орнына әкімдіктің, арнайы қызметтердің өкілдері жедел түрде барды. Жер асты су жүйесін іске қосу жұмыстары басталды.
«Қазір жөндеу-іске қосу жұмыстары жалғасуда. Судың қысымы көтеріліп келеді. Таңертең сумен жабдықтау іске қосылды. Қала тұрғындарынан сабырлық сақтауды, түсіністікпен қарауды және тек ресми ақпаратқа сенуді сұраймыз. Жағдай тұрақты бақылауда», - деп хабарлады қала әкімдігі.
Айжанат Бақытқызы