KZ
Өскемен
-13°
небольшая облачность жел 1,1 м/с, В
498.55 524.28 4.75

Марқакөлде қар құрсауында қалған жылқылар шығарылып жатыр

Суреттер ауыл тұрғындарынан алынды
Суреттер ауыл тұрғындарынан алынды
19.01.2024, 15:47 1 461 Қызырбек Дүргінбайұлы

Бұған дейін Марқакөл жақта қалың қар жауып, табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған болатын. Қазіргі таңда ауылдарға апарар жолдар ашылып, қажетті гуманитарлық заттар мен малға қажетті жем-шөп жеткізіліп жатыр.

 

Ал бүгін аудан тұрғындары қалың қардың құрсауында қалған жылқылардың да шығарылып жатқанын хабарлады. Жұт болған өңірге облыс орталығынан 20 тонна жем де жеткізілген, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Айтып келмейтін апаттың зардабы өңірде әлі сейіле қоймаған. Тұрғындар түсірген бейнетүсірілімнен жағдайдың енді-енді оңалып келе жатқаны байқалады. Видеолардың бірінен қар құрсауында қалған жылқыларға жылқышылардың жеткенін және олардың жүдеу тартқанын тілге тиек еткенін көруге болады.

– Халық бір-біріне көмектесіп жатыр. Қаладан 20 тонна жем де келіп жетті. Ол әлі таратылған жоқ. Оны қар құрсауынан шығарылған жылқыларға беретін шығармыз. Ауылдарға жол ашылып жатыр. Ал тауда қар құрсауында қалған жылқылар да біртіндеп шығарыла бастады, – дейді өңір ақсақалы, белсенді Қайырхан Қазыбекұлы.


Бұған дейін қар басқан өңірдегі бірнеше ауылда электр жарығы өшкен болатын. Тұрғындар бүгін Маралды заставасына тікұшақпен жеткен электрик мамандар электр желілерін жөндеп жатқанын да айтты.

 

 

 

 

 Суреттер ауыл тұрғындарынан алынды

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу