Өскемендегі облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатына жаңа ғимарат беріледі
2025 жылы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатына жаңа ғимарат беріледі.
Оқу орны орналасқан қазіргі ғимарат 60 жылдан астам уақыт бұрын салынған және әбден тозған. Мұнда жыл сайын жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пәндік кабинеттер жаңа құралдармен жабдықталғанына қарамастан, мектеп ғимараты заманауи талаптарға сай келмейді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Бұл мәселені шешу үшін өңіраралық кәсіптік орталықтың ғимараттары қайта жаңартылады. 2025 жылы мектеп оқушылары жаңа ғимараттарға көшеді деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, мектеп-лицей-интернатының жаңа ғимараты қазіргі заманғы стандарттар бойынша заманауи жабдықтармен жабдықталатын болады.
Сонымен қатар оқушылар саны да артады. Егер қазіргі мектептің жобалық қуаты 361 орын болса, бірнеше жылдан кейін дарынды балаларға арналған оқу орнында Шығыс Қазақстанның қалалары мен аудандарынан 880 бала білім ала алады.
Айжанат Бақытқызы
Макеттер ШҚО білім басқармасынан алынды