KZ
Өскемен
-13°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Бұқтырма Қазақстандағы ең ірі су қоймаларының рейтінгінде көш бастап тұр

Фото: Altaynews.kz

15.01.2024, 17:18 163

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі республиканың ең ірі су қоймаларының рейтингін жасады. Бұқтырма су қоймасы көлемі бойынша көш бастап тұр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

- Бұл Қазақстанның ең ірі су қоймасы. Оның ауданы - 5490 шаршы шақырым, орташа тереңдігі-9,6 метр. Ертіс өзеніндегі Бұқтырма ГЭС бөгеті құрған су қоймасы 1967 жылы пайдалануға берілген. Нысан ресурстары энергетика, су көлігі, өнеркәсіп, ауыз сумен жабдықтау, балық және ауыл шаруашылығында пайдаланылатын көпфункционалды резервуар болып саналады. Сонымен қатар, Бұқтырма су қоймасы көптеген жылдар бойы Ертіс өзенінің ағысын тұрақтандыруда маңызды рөл атқарады. Бұл кемелер қозғалысы үшін жағдайды жақсартады, - деп мәлімдеді Министрліктің баспасөз қызметі.

Топ-5 рейтингіндегі екінші орында - Қапшағай су қоймасы. Оның ауданы - 1847 шаршы км, көлемі-18,14 текше шақырым.

Үшінші орында - Шардара су қоймасы, төртінші орында – Шүлбі су қоймасы және бесінші орында - Сергеев су қоймасы.

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу