KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

Қалжыр өзені арнасынан асып, су басу қаупі туындады

Фото: SMI24.kz

28.01.2024, 23:01 137 Оразай Жеңісұлы

Күршім ауданы әкімдігінің хабарлауынша, 28 қаңтарда Қалжыр өзені арнасынан асып, Жаңауыл ауылын су басу қаупі туындады. Оқиға орнына ауылдық округ әкімі барды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі. 

Таңертеңнен бастап ТЖ мамандарының, аудан әкімдігіндегі жауапты қызметкерлердің аталған жерге шығуы жоспарланып отыр. Алдын ала ақпарат бойынша бөгет салып, су бұру арналарын тазалау қажет. Қазіргі уақытта техника каналдарға қол жеткізу үшін өзен бойымен жолдар салуда.

Тұрғындар су тасқыны қаупі туралы ескертілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив