Риддерде тұрғындарға тасқын қаупі жайлы ескертілді
Шартты сурет: news-ru
Бүгін Риддер қаласы аумағында су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізілді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Қала әкімдігінің мәліметі бойынша, мониторинг кезінде Бутаково ауылы тұсындағы Үлбі өзенінде пайда болған кептеліске байланысты су ағыны екінші арнаға бағыт алды. Мұның салдарынан тұрғын үйлерді су басу қаупі туындады.
Төтенше жағдайдың алдын алу мен кептелісті таратпау мақсатында ағыстан төмен қарай жарылыс жұмыстары жүргізілмек.
Тұрғындарға тасқын қаупі жайлы ескертілді.
Оқи отырыңыз