Катонқарағай ауданында су басу қаупі сейілді
Катонқарағай ауданындағы Өрел ауылында су басу қаупі сейілді.
Өзен арнасы қар-мұздан толықтай тазартылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, кеше ауа температурасының төмендеуі салдарынан Өрел өзені арнасынан асып, су тоғыз үйдің ауласына жайылып, үш үйге кірген болатын.
Оқиға орнына дереу жеткен жергілікті атқарушы билік өкілдері мен жауапты сала мамандары төтенше жағдай салдарын жоюға кіріскен. Арнайы техникалар жұмылдырылып, үй-жайға кірген суды мотопомпалармен сыртқа шығарды. Құм салынған қаптардан бөгеттер қойылды.
- Желтоқсанның 15-і күні сағат 14.00-де Өрел өзенінің арнасы қар-мұздан толығымен тазартылды. Аумақты су басу қаупі жоқ, - деді аудан әкімі Ділдар Қалиқан.
Оқи отырыңыз