KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

«Күміс жас» жобасы бойынша 922 адам жұмысқа орналастырылды - ШҚО

Фото: egemen.kz

30.01.2024, 22:12 158

50 жастан асқан және зейнеткерлік жасқа дейінгі жұмыссыз азаматтар осы жобаға қатыса алады. Ол үшін аудандар мен қалалардағы мансап орталықтарына бару керек, деп хабарлайды Altaynews kz тілшісі.


ШҚО  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасынан алынған деректерде көрсетілгендей, 2023 жылы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде «Күміс жас» жобасы бойынша аймақта 922 адам жұмысқа орналастырылған (жоспардан 107%); белсенді шараны (жұмысты) 158 адам аяқтап, 107 адам аяқталғаннан кейін тұрақты жұмыс орнына орналастырылған (68%, жоспар бойынша 60%).


«Күміс жас» жобасы зейнеткерлік жасқа дейінгі жұмыссыз азаматтар үшін арнайы әзірленген. Жоба бойынша жұмыс орындары тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарынан тыс құрылады.


Жоба – жұмыс берушінің жалақысын субсидиялай отырып, зейнеткерлік жасқа толмаған 50 жастан асқан жұмыссыз адамдарды жұмысқа орналастыру үшін құрылған. 


«Күміс жас» жобасына қатысу ұзақтығы 36 айды құрайды, ай сайынғы субсидиялар мөлшері:

- қатысудың алғашқы 12 (он екі) айы – жалақы мөлшерінің 70%, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды;

- қатысудың 13 (он үшінші) айдан 24 (жиырма төртінші) айына дейін – жалақы мөлшерінің 65%, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды;

- 25 (жиырма бесінші) айдан 36 (отыз алтыншы) айға дейін – жалақы мөлшерінің 60%, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды.


Жобаға қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші  зейнеткерлік жасқа дейінгі адамды тұрақты жұмысқа орналастырады.



Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу