KZ
Өскемен
-13°
пасмурно Штиль
498.34 519.72 4.85

Күміс жас: ШҚО-да зейнетке таяған 10 адам жұмысқа орналасты

5.08.2022, 09:31 167

Шығыс Қазақстанда зейнет жасына таяған 10 адам «Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа орналасты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жаңа жоба туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Досхан Қайырғазинов айтып берді.

– «Күміс жасқа» құрметті демалысқа шығуына екі жыл қалған жұмыссыз тұрғындар қатыса алады. Яғни олардың зейнетақы қорына қаражат жинақтап алуына мүмкіндік беретін жоба. Бұл жерде жұмыс берушінің келісімі ғана қажет, өйткені 91 мың теңге жалақыны мемлекет субсидиялайды. Бірақ жұмыс беруші өз тарапынан қосымша ақы төлеймін десе, оған ешқандай шектеу жоқ, – деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингіде.

Спикердің айтуынша, жоба аясында облыс бойынша 287 адам қамтылған. Бірақ әзірге тек 10 адамға жұмыс табылып отыр. Жоғарыда айтқанымыздай, мұндағы негізгі проблема – жұмыс берушінің егде жастағы адамды қызметке алуға келісім беруі. Басқармасы басшысының орынбасары қазір осы бағытта кәсіпорындарымен келіссөз белсенді түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу