KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 3 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Көлік жолындағы су өткізгіш құбырлар тазаланады – ШҚО

Фото: ШҚО ӨКҚ

6.02.2024, 11:52 489 Оразай Жеңісұлы

Шығыс өңіріндегі көлік жолдарында 1634 су өткізгіш құбыры мен 90 көпір бар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділовтің айтуынша, тасқынның алдын алу үшін мына жолдардағы су өткізгіш құбырлар тазаланып жатыр: «Үлкен Нарын-Күршім», «Өскемен-Тарғын-Самар», «Васильевка-Бозанбай-Алғабас-Тарғын», «Октябрь өткелі-Алтайка-Ново-Хайрузовка», «Алтайка-Чапаево» «Күршім-Қалжыр-Бурабай-Маралды».

Құбырлардағы мұзды еріту үшін 30 тонна техникалық тұз сатып алынған көрінеді.

– Шығыс өңірінде көлік жолдарының республикалық желісі – 1 238 шақырым. Сол жолдарда 99 көпір және 1 255 су өткізгіш құбыр бар. «КАЖсервис» ЖШС өңірлік филиалында су тасқыны кезеңінде 150 адамды жұмысқа тарта алатын төрт жол-пайдалану учаскесі және бір желілік-өндірістік учаскесі бар. Жергілікті учаскелерде жұмыс жүргізілген жағдайда 72 арнайы техникасы бар бес авариялық бригада ұйымдастырылады, – деп мәлімдеді Нұржан Жұмаділов.

Ал «Қазсушар» ШҚ филиалының балансында 4 су қоймасы (Үйдене, Қандысу, Орта Теректі, Ұлан өзеніндегі Алебастр), су тасқыны қаупін тудырмайтын 7 су торабы және  43 магистральдық канал бар. Филиал директоры Нұржан Әміржановтың айтуынша, каналдардың бас құрылыстары жабылып, электр жабдықтары мен көтергіш механизмдерге тексеру жүргізілген. Су деңгейі де тұрақты бақылауда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу