KZ
Өскемен
-12°
плотный туман Штиль
498.51 522.84 4.81

ШҚО-да су басу қаупі бар 13 жол учаскесі анықталды

15.02.2023, 11:21 453 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да су тасқыны кезеңінде 13 жол учаскесін су басуы  мүмкін.

Өңірде 1 ақпаннан бастап көктемгі кезеңге жоғары дайындық режимі енгізілген болатын, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жауапты мамандар жақында мониторинг жүргізіп, облыстық маңызы бар жолдардың су басуы мүмкін учаскелерін анықтаған.

- Су басуы мүмкін жол учаскелерінің негізгі саны Катонқарағай ауданына басым. Атап айтқанда, Үлкен Нарын-Күршім жолының учаскелері, Өскемен – Тарғын – Самар, Омбы – Майқапшағай, Шемонаиха – Секисов, Васильевка – Бозанбай, Тарханка –Топиха, сондай-ақ Алтай-Чапаев, Алтай-Ново – Хайрузов өткелдері. Аталған учаскелердің барлығы ерекше бақылауға алынды, - деді ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов.

Естеріңізге сала кетейік, ШҚО-да су тасқыны кезінде зардап шегуі мүмкін деген 7 аудан анықталған, оның ішінде Глубокое мен Алтай аудандары басты назарда.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу