KZ
Өскемен
небольшой снег жел 2 м/с, В
494.87 520.65 4.91

ШҚО-да барлық қауіпті учаскелер тұрақты бақылауға алынды

14.02.2023, 23:35 383 Мадина Амангелдіқызы

Автомобиль жолдарындағы су өткізу құрылыстарын тазарту бойынша жоспарлы жұмыс ақпан айының соңында басталып, 20 наурызға дейін аяқталады.

Бұл туралы ШҚО ақпараттық орталығында өткен брифинг барысында Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов айтты. Қазіргі уақытта су тасқыны қаупі бар учаскелерде орналасқан су өткізу құбырлары қатып қалмау мақсатында жабық, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мемлекеттік сатып алу туралы шартқа сәйкес облыстық маңызы бар жолдарды күтіп ұстауды "ОблШығысЖол"ЖШС жүзеге асырады. Компанияның өңір бойынша 5 өндірістік-жол учаскесі бар, жолды күтіп ұстау үшін 79 бірлік қар тазалау техникасы бекітілген, жалпы дайындығы 94% деңгейінде ұсталады.

"Өткен жылдардағы тәжірибеге сүйене отырып, облыстық маңызы бар жолдарда 13 су тасқыны және 3 көшкін қаупі бар учаске орналасқан. 2022 жылы 6 су өткізгіш құбыр мен 1 шағын көпірді орнату және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Күн сайын автожолдардың 13 учаскесінде су өткізу құбырларын мұздан тазарту бойынша іс - шаралар жүргізілуде", - деп атап өтті Нұржан Жұмаділов.

Сонымен қатар, оның айтуынша, "ОблШығысЖол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі инертті материалдарды дайындауды, еріген суды өткізу үшін қаптарды, шанц құралдарын және шатырларды сатып алуды жүргізуде.

"Төтенше жағдай кезінде адамдармен және мамандандырылған техникамен жасақталған жедел ден қою жасағы бар. Қызмет көрсететін кәсіпорындарда қысқы кезеңнің басталуымен тәулік бойы диспетчерлік қызметтер жұмыс істейді, өндірістік-жол учаскелері күшейтілген режимде, тәулік бойы жұмыс істейді. Жауапты тұлғалар бекітілді. Облыс жолдарында су тасқынына қарсы іс - шараларды өткізу мәселесі тұрақты бақылауда", - деді спикер.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу