ШҚО-да заңсыз жолаушылар тасымалымен күрес басталды
Фото: noks.kz
Көліктік бақылау инспекциясы мен полиция бұл бағыттағы жұмыстарды Ресейге жолаушы тасымалдауды заңсыз жүзеге асыратын рейстерден бастамақ, деп хабарлайды Altainews.kz сайты YK-news.kz порталына сілтеме жасап.
Такси жүргізушілері мен минивэн иелері ковид пандемиясы кезінде санитарлық дәрігерлер үлкен автобустардың жүруіне тыйым салған кезде қалааралық және халықаралық тасымалдауды бастаған.
Содан бері жолаушылар заңсыз тасымалдаушылардың артықшылығын бағалап, автовокзалға барудан қалды. Өйткені, такси жүргізушілері жолаушыны тікелей үйден алып, оны қажетті мекенжайына жеткізе алады.
Сонымен қатар тұрақты тасымалдаушылар көлігі жағынан ұтылады. Өйткені автобустар ескі және жолда бұзылуы ықтимал.
Айжан Рахымбаева айтып өткендей, тұрақты жолаушы тасымалдау қызметі автовокзал арқылы көрсетілуі тиіс.
Бұл ең алдымен жолаушылардың қауіпсіздігіне бағытталған.
Мәселен, автовокзалда жүргізушілер міндетті медициналық тексеруден, ал автокөлік құралдары міндетті техникалық тексеруден өтеді.
Жүргізушілер құрамы мен көліктің жолға толық дайындығы тексеріледі.
Егер бұл қалааралық маршрут болса, жүргізуші еңбек және демалыс режимін қатаң сақтауы қажет. Егер сапар уақыты сегіз сағаттан асса, онда екі жүргізуші болуы тиіс. Мұның бәрін автовокзал реттейді.
Айжанат Бақытқызы