ШҚО: автотасымалдаушылар биыл 3,9 млрд теңге субсидия алды

Пандемиядан кейін автобустардың жұмысы жанданып, тұрақты рейстердегі жолаушылар саны өткен жылғымен салыстырғанда 24%-ға артқан. Алайда, мамандардың айтуынша, мұнымен шығындар өтелмейді екен. Сондықтан тасымалдаушылар бюджеттен субсидия алады.
– Биыл ШҚО бойынша субсидиялау мөлшері 3,9 миллиард теңге болды. Әлеуметтік маңызы бар маршруттар тізімі анықталды, ұзын саны – 184, – деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айжан Рахымбаева.
Оның айтуынша, субсидиялау автобус пен такси арасындағы бәсекені реттеп, тарифтің халыққа тиімді болуына септігін тигізеді.