KZ
Өскемен
-24°
плотный туман жел 1 м/с, С
520.02 608.79 6.57

ШҚО-да тағы бір тас жолда қозғалыс жабылады

Фото: papik.pro

13.02.2024, 19:38 401

ШҚО аумағындағы «Өскемен – Алтай - Үлкен Нарын - Катонқарағай - Рахман қайнары» тас жолы қар көшкіні қаупіне байланысты жабылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«ҚАЖсервис» жол қызметінің ақпараты бойынша, бүгін сағат 20.00-ден бастап республикалық маңызы бар «Өскемен – Алтай - Үлкен Нарын - Катонқарағай - Рахман қайнары» тас жолының 6-166 шақырымында Ушанов ауылы мен Алтай қаласының арасындағы учаске барлық көліктер үшін жабылады. Бұл учаскеде қар көшкіні жүруі мүмкін.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу