Ушанов ауылы мен Алтай қаласы арасындағы жол жабылады
ШҚО ТЖД
Қатты жел мен бұрқасынға байланысты бұл аумақта қар көшкіні түсуі мүмкін.
Осыған байланысты бұл жолмен жүруге шектеу қойылды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
«Қазақавтожол» ЖШС ШҚОФ ақпараты бойынша, 10 ақпан күні сағат 18.00-де көшкін түсу қаупіне байланысты республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» автожолының 6-166 шақырымында (Ушановское а-Алтай қ.) автокөліктің барлық түрлеріне қозғалыс жабық.
Оқи отырыңыз