ШҚО-да ауқымды сейсмикалық оқу-жаттығуы өтеді
Фото: news.myseldon.com
23 ақпан күні сағат 12.00-де облыс аумағында ауқымды сейсмикалық оқу-жаттығулары өтеді.
Сол күні сиреналар іске қосылады. Дабылды естіген бойда кәсіпорын, білім беру объектілері, әкімдік және т.б қызметкерлері жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдар бойынша қауіпсіз жерге шығуы керек, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- Сейсмикалық оқу-жаттығуы кезінде сасқалақтап, дүрбелеңге салынбай, барынша сабырлы болу қажет. Дабылды естіген бойда ғимараттан шығуға немесе қауіпсіз жерге баруға тырысыңыз, - дейді ШҚО ТЖД мамандары.
Сондай-ақ құтқарушылар сейсмикалық қауіпті аймақта тұратын тұрғындарға дәрі-дәрмек, қажетті заттар мен құжаттар салынған дабыл чемоданын дайындап қоюға кеңес береді.
ШҚО ТЖД мамандары тұрғындардан сейсмикалық жаттығуларына белсене қатысуды сұрайды.
Оқи отырыңыз