ТЖМ азаматтарға дүрбелеңге түспеуге кеңес береді
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі бүгін, 2024 жылғы 31 қаңтарда елдегі сейсмикалық жағдай бойынша жедел ақпарат берді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Ақпаратқа сүйенсек, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Орталық ғылыми-зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен өткен тәулікте Қытай аумағында алты жер сілкінісі тіркелген.
«Олардың біреуі Қазақстан аумағында 4 сағ. 27 мин. 36 сек. сезілді. Эпицентр Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 293 км жерде, Қытай аумағында орналасқан. Анықталғандығы туралы мәлімет бойынша, Алматыда 2 балл сезілді. Зардап шеккендер мен қирау туралы ақпарат түскен жоқ»,-делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазақстан ТЖ министрлігінде жағдай тұрақты екендігін айтты.
Айжанат Бақытқызы