ШҚО-да екі лауазымды тұлға заң бұзғаны үшін жауапқа тартылды
Фото: dknews.kz
Шығыс Қазақстан облысында екі лауазымды тұлға «Прокуратура туралы» Заңды бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура органдары инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша жұмысты жалғастыруда. "Прокурорлық сүзгі" жобасы шеңберінде инвесторларға қатысты мемлекеттік органдардың негізгі шешімдері келісіледі. Инвестициялық жобаларды іске асыру, инвестицияларды тарту жөніндегі міндеттерді орындау кезінде мемлекеттік органдар тарапынан қабылданатын шаралардың толықтығын бағалау мақсатында Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының прокуратурасы аудандық әкімдікке және Мемлекеттік кіріс органдарына қажетті материалдарды ұсыну туралы талап жіберді, - делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Алайда ауыл шаруашылығы бөлімі мен Мемлекеттік кірістер басқармасының басшылары прокуратураның заңды талаптарын елемеген.