KZ
Өскемен
+4°
туман жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

ШҚО-да конституциялық заңды бұзған басшылар жазаланды

фото: inbusiness.kz

22.01.2024, 10:35 92 Оразай Жеңісұлы

Самар ауданы әкімдігінің ТКШ, қаржы және жұмыспен қамту бөлімдерінің басшылары «Прокуратура туралы» конституциялық заңды бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы massaget.kz сайты Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасына сілтеме жасап хабарлады.

Аудандық прокуратура жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерді уақтылы әзірлеуіне талдау жүргізу барысында азаматтардың заңды құқығы, бостандығы мен мүддесін іске асыру қажет бірқатар НҚА жоқ екенін анықтады. Осы факті бойынша прокуратура қадағалау актісін енгізді.

Бірақ 3 бөлімнің жауапты басшысы ұсынымда көрсетілген заң бұзушылықтарды жою үшін шаралар қабылдамады. Осының негізінде Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 664-бабы бойынша 3 басшыға 8 АЕК мөлшерінде (29 536 теңге, 1 АЕК – 3 692 теңге) айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив