KZ
Өскемен
-22°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
503.35 590.63 6.62

Зайсандықтар Марқакөлге көмекке шөп жіберді

26.02.2024, 14:27 367 Қызырбек Дүргінбайұлы

Биыл Марқакөл ауданында қалың қар жауып, мал баққан жұрт біраз әбігерге түсті. Әсіресе қалың қардың кесірінен жылқы малы тебіндей алмай қалып, жем-шөптің қажет болған еді.

Бұған дейін Марқакөл ауданына облыс орталығынан жем-шөп жеткізілген. Күні кеше зайсандықтар тағы да 80 орам шөп жіберді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Зайсан ауданының қайырымды жандары бұған дейін де көмекке шөп берген болатын.

– Бүгін Қарабұлақ ауылының тұрғындары Марқакөл ауданына көмек ретінде екі камазбен 80 орам шөп тиеп жіберді, – деп жазды Зайсан ауданы әкімдігі facebook парақшасында.

Айта кетейік, Марқакөл ауданының кейбір малшылары жылқыларын қыс ортасында ойдағы ауылдарға қарай түсірді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу