KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 3,5 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Марқакөл ауданында бірнеше адам жолда қалды

freepik.com

17.02.2024, 12:00 113 Назерке Каримова

ШҚО құтқарушылары боранда қалып қойған жолаушыларға көмектесті.

Жеңіл көліктер Қарашілік ауылы маңында қалың қардан шыға алмай қалған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

17 ақпанда түнде Марқакөл ауданында адамдар жеңіл автокөліктермен жолға шығып, "Қарашілік" ауылының маңында қалың қарда тұрып қалған.

- Жолаушыларға көмекке ШҚО ТЖД №31 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келді, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - Олар арнайы техникамен 11 адамды эвакуациялап, елді мекенге дейін алып келді. Жолаушылар арасында 7 бала болған.


Жергілікті атқарушы органдар жолды қардан тазалады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив