KZ
Өскемен
-13°
облачно с прояснениями жел 1,3 м/с, В
498.55 524.28 4.75

Марқакөлдің қар басқан ауылдарына шөп жеткізілді

2.02.2024, 16:41 113 Қызырбек Дүргінбайұлы

Жылдың басында Марқакөл ауданында қалың қар жауып, табиғи сыйпаттағы төтенше жағдай жарияланған болатын. Қар құрсауында қалған ауылдарда жылқы тебіндей алмай қалып, жем-шөптің қажеттілігі туындаған.

Осыған дейін көрші аудандар мен ауылдар көмекке жем-шөп бергендігін жазған болатынбыз. Алайда техниканың жетіспеушілігінен болып жеткізілмей жатқан еді. Кеше қар басқан ауылдарға шөп жеткізілді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

– Ел көмекке берген шөп кеше жеткізіліп, жұртқа таратылды. Ұранхай ауылына  5 орам шөп жеткізілді, енді 4 орам шөп сұрап отыр. Бұғымүйіз ауылына 7 орам шөп апардық, енді 3 орам шөп қажет екендігін айтты. Қалған шөп Төсқайың ауылына жеткізілді, –  деді аудан белсендісі Қайыркен Қазыбекұлы.

Бұған дейін қар басқан ауылдардың жылқылары ойға түсірілгенін жазған болатынбыз. Жылқысын төменге түсірген жұртқа Боран және Қарашілік ауылдарының маңынан жайылым берілген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу