KZ
Өскемен
-2°
туман жел 1 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Ұлттық ұланның әскери бөлімі құрылған күнін атап өтті

26.02.2024, 21:10 223

Өскемендегі  «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 3477 әскери бөлімінің құрылғанына 64 жыл толды.

Мемлекет үшін аса маңызды стратегиялық аймақты қамтамасыз етуде әскери бөлім өзіне жүктелген міндеттерді қалтқысыз абыроймен атқарып келеді. Бүгінде аталған әскери бөлімнің жеке құрамы  жауынгерлік әзірлікті шыңдап, жауынгерлік міндеттерін қырағылықпен орындап, еліміздің тыныштығын күзетуде. Айтулы күнге орайластырылған  шараға «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Арман Жұмағалиев  және әскери бөлім ардагерлері сондай-ақ әскери қызметшілер қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Салтанатты шарада қонақтар сөз сөйлеп, жеке құрамды мерекемен құттықтады. Сондай-ақ мінсіз қызмет еткен және жауынгерлік дайындық барысында үздік деп танылған бірқатар әскери қызметшілер алғыс хаттар және грамоталармен марапатталды.

- Бүгін біз үшін ерекше күн. Біздің әскери қызметшілер өздерінің міндеттерін үлкен абыроймен атқаруда. Әскери бөлімнің құрылған күні мерекесі қарсаңында барлық жеке құрамды айтулы күнмен құттықтаймын. Еліміздің өркендеуі жолындағы жауапкершілігі жоғары қызметтеріне жетістіктер тілеймін. Аспанымыз ашық, деніміз сау, еліміз аман болсын! - деді 3477 әскери бөлімінің командирі подполковник Руслан Есенғалиев.


Фото: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу