ШҚО-да құрылыс көлемі 10 пайызға артқан
Фото: gov.kz
Шығыс Қазақстан облысында 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 311,3 млрд теңгені құрады, бұл оның алдындағы жылға қарағанда 10,2%-ға көп.
Құрылыстағы мердігерлік жұмыстардың облыстық көлеміндегі негізгі үлесі жеке меншік нысандағы кәсіпорындарға келеді – 92,9%, шетелдік кәсіпорындар үлесі – 7,1%. Орындалған құрылыс жұмыстарының республикалық көлемінде өңірдің үлесі 4% болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өткен жылы аймақтың дамуына салынған инвестиция көлемі біршама артқан екен. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ШҚО бойынша департаментінің басшысы Ерназ Нұрланов айтты.
Жанаргүл Мұқатай