KZ
Өскемен
-6°
переменная облачность жел 5 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Елде көтерме сауда көлемі 11 пайызға артты

Фото: pexels.com

5.08.2023, 16:39 328

Ұлттық статбюро дерегіне сәйкес, Қазақстандағы көтерме сауда көлемі алғашқы алты ай ішінде 17,6 трлн теңгеге жетті.

2023 жылғы қаңтар-маусымда көтерме сауда көлемі 17 612,4 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 11,1% артық, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

2023 жылғы қаңтар-маусымда республиканың көтерме саудасының жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес Алматы (39,6%) және Астана (15,8%) қалаларына, Атырау (14,9%), Қарағанды облыстарына (5,2%) тиесілі.

Меншік нысандары бойынша көтерме сауданың 62% – жеке компаниялар, 36,9% – шетелдік компаниялар үлесінде.

Кәсіпорындардың көлемі бойынша көтерме сауданың көп бөлігі шағын кәсіпорындар арқылы өткен – 75,7%.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу