KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
494.87 520.65 4.91

Күршім ауданы су тасқынына сақадай сай (видео)

11.03.2024, 18:00 181 Қызырбек Дүргінбайұлы

Су тасқынының алдын алу жұмыстары барлық аудандарда қарқынды жүріп жатыр. Су басу қаупі бар жерлердегі су арналары тазартылып, иннертті материалдар дайындалуда.

Күршім ауданы әкімдігі көктемгі су тасқынына толықтай дайын екендерін айтып отыр. Жалпы Күршім ауданы бойынша 8 өзен, 1 су қоймасы, 47 көпір және 604 су өткізетін арна бар. Ауданда 139 техника, 11 автобус және су басу жағдайы орын алған кезде тұрғындарды көшіруге арналған пункттер белгіленген. Сондай-ақ 100 тонна иннерттік материал да дайындалған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Су тасқыны кезеңінде көшіру пункттері белгіленді. Жалпы сыйымдылығы 1500 адамға шақталған. Палатка, киіз үйлер де қосымша дайын тұр. Көшіруге жұмылдырылатын автобустар саны - 11. Жалпы су тасқынына қарсы жұмыс істеуге жұмылдырылған 139 техника бар. Көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық барысында әр ауылдық округте 100 тоннадан инерттік материал қоры әзірленді. Ауылдық округ әкімдіктерін қажетті қап көлемімен қамту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қаптар қоры - 5000 дана, – дейді аудан әкімінің орынбасары Қайрат Әзімбаев.

Сонымен қатар аудан көлемінде су тасқыны болған жағдайда 570 адам жұмылдырылмақ. Ал төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында 13 дана мотопомпа, 5 дана су сорғыш автокөлік дайын тұр. Аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу бағдарламасы бойынша бұл жұмыстарға 9,8 млн теңге қарастырылған екен.

 

Фото және видео: Күршім ауданының әкімдігі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу