KZ
Өскемен
-7°
туман жел 2 м/с, З
495.28 518.41 5.44

Зайсанда су тасқынына дайындық жүріп жатыр

8.02.2024, 11:28 224 Қызырбек Дүргінбайұлы

Өңірлерде көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары басталды. Осы қатарда Зайсан ауданы да көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқандығын хабарлады.

Зайсан ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында арықтар мен су ағарларды тазалау жұмыстары жүргізілді. Аудан әкімдігі тұрғындарды да бұл жұмысқа белсенді араласуға шақырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында Қарабұлақ ауылында арықтарды, су ағарларды қардан тазалау жұмыстары жүргізілді. Құрметті аудан тұрғындары, өз аулаларыңыздағы арықтарды тазалап, көктемгі қар суының алдын алу шараларын сақтауларыңызды сұраймыз, – деп жазды Зайсан ауданы әкімдігі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, ШҚО-да құтқарушылардың «Көктем-2024» Республикалық командалық – штабтық оқу-жаттығуы басталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу