KZ
Өскемен
-6°
небольшой снег жел 1 м/с, З
523.54 546.47 4.99

Ертең ШҚО-да ауа райы қандай болады?

Фото: 365info.kz

12.03.2024, 17:03 178 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-да 13 наурызға дауылды ескерту жарияланды.

«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша, ертең облыста күн райы бұзылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыс аумағында жауын-шашын болады: жаңбыр мен қар жауады. Әсіресе, аймақтың шығысында қалың қар жауып қалуы мүмкін. Сондай-ақ шығысында және оңтүстігінде тұман түсіп көктайғақ болады.

Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

13-14 наурыз күндері қардың қарқынды еруі жалғасады. Сондықтан тұрғындарға арықтар мен бұлақтардың арналарын  тазалап, қап, топырақ, құм, саз секілді материалдарды әзірлеп қойған абзал.

 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу