KZ
Өскемен
-40°
плотный туман жел 1 м/с, СШ
512.16 594.72 6.57

ШҚО-да жауын жауып, елді мекендерді су басу қаупі жоғары

pexels.com

25.03.2024, 18:00 397 Назерке Каримова

«Қазгидромет» ШҚО филиалының ақпараты бойынша, 26 наурызда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, қар жауып, көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман тұрады. Өскемен қаласында түнде жаңбыр, қар жауады.

26-29 наурыз аралығында облыс аумағында жауын жауып, температураның жоғарылауына байланысты қар қарқынды еріп, өзендерде су деңгейінің көтеріліп, мұз ериді. Осыған байланысты еріген судың жайылуы және автожолдарды, тұрғын елді мекендерді және шаруалық құрылыстарды еріген қар суы басуы мүмкін.

ШҚО ТЖД тұрғындардан тасқынның алдын алу жұмыстарын жүргізуді ескертеді. Аула аумағын қардан, арықтар мен каналдарды мұздан тазартуды ұсынады, бұл еріген судың ағып кетуін қамтамасыз етеді.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарлау қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу