KZ
Өскемен
-13°
пасмурно Штиль
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да күн жылынып, жаңбыр жауады

pixabay.com

8.03.2024, 10:00 219 Назерке Каримова

Синоптиктердің болжауынша ШҚО-да қатты жауын-шашын жауып, ауа температурасы көтеріледі.

"Қазгидромет" ШҚО филиалының ақпараты бойынша, 9-10 наурызда облыстың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

9 наурызда күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), 10 наурызда жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі.

Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, 9 наурызда облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, 10 наурызда облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с.

Синоптиктердің болжауынша, 9-10 наурыз аралығында ауа температурасы түнде -5-10ºС-дан -2+3ºС дейін, күндіз 0-5 градустан 3-8 градусқа дейін жоғарылауы ықтимал.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу