KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 2 м/с, З
512.34 582.07 6.31

Шығысқазақстандық онкохирург Атырауда интервенциялық хирургия бойынша мастер-класс өткізді

Фото: ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығы

27.03.2024, 10:00 241 Айна Ескенқызы

ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығының онкохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, бірінші санатты біліктілігі бар онкохирург Рауан Сейітбаев Атырау облыстық онкологиялық диспансерінің базасында «онкологиядағы интервенциялық хирургия» бойынша мастер-класс өткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мастер-класс шеңберінде Рауан Талғатұлы орталық веноздық тері астындағы порт-жүйелерді орнату бойынша алты операциян жасады. Порт-жүйелері химиялық препараттарды көктамырдан  ұзақ уақыт жіберу үшін қолайлы.  Онкохирург дәрігерлерге бұл жүйенің артықшылықтары туралы айтып, имплантацияланатын порт-жүйелерге күтім жасау және олармен жұмыс істеу жөніндегі негізгі ережелермен таныстырды.  Сабаққа Астана, Ақтөбе, Ақтау және Атырау қалаларының хирургтары жиналды. Айта кетейік, 2019 жылы Рауан Сейітбаев Израильдегі «Sheba» медициналық орталығында интервенциялық хирургияны меңгеріп, сондай-ақ Германия мен Ұлыбританияда тағылымдамадан өткен болатын.

ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығы порт-жүйелерді орнату бойынша Қазақстанда көш бастап тұр. Бұл әдіс онкологияда, онкогематологияда ең өзекті болып табылады, олардың көмегімен көктамырға медициналық препараттарды ұзақ уақыт бойы салуға болады. Порт жүйелері ұзақ химиотерапия курстарын қабылдайтын пациенттерде тамыр жарақатын болдырмауға көмектеседі.

- Науқас онкологиялық орталыққа жатқызылған кезде оған бірден порт жүйесін орнатуға және химиотерапия жүргізуге болады. Жалпы онкологиялық орталықта интервенциялық хирургия кеңінен дамып келеді. Мысалы, КТ бақылауындағы трепан-өкпе биопсиясы, ультрадыбыстық бақылаудағы трепан-бауыр биопсиясы, ультрадыбыстық бақылаудағы ұйқы безінің жұқа инелі биопсиясы, бауырдың бастапқы ісіктері мен бауыр метастаздарының химиоэмболизациясы сияқты әдістер белсенді қолданылады, - деді орталықтың баспасөз қызметінде.
 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу