ШҚО онкологиялық орталыққа 300 адам келген
ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығынан
Бүгін ШҚО-да қатерлі ісіктердің алдын алу және ерте анықтау бойынша ашық есік күні өтті.
Мамандар тұрғындарды ешқандай дәрігер жолдамасынсыз, МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан қабылдады деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Онкохирург, маммолог, онкогинеколог, лор-онколог, онкоуролог және онкодерматолог сынды ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығының жетекші мамандары 300-ге жуық пациентті қабылдап, кеңес берді.
Онколог дәрігерлер қатерлік ісіктің алдын алу маңызды екенін және скринингтен өтіп, дәрігерлерге қаралу қажеттігін жиі еске салады. Қазіргі таңда 13999 адам ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығының диспансерлік есебінде тұр. Жыл сайын 2500-ден астам жаңа жағдай тіркеледі.